Дзюдодан Қазақстан қыздар құрама командасы Еуропа кубогынан үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.
Атап айқанда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.
Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медальды, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.