• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Білім 23 Мамыр, 2022

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

411 рет
көрсетілді

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарламамен шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура, резидентураға түсуге және ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтуге болады.

Өтініштер 23 мамырдан бас­тап, биылғы 14 қазанға дейін Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады. Ал тағылымдамадан өтуге құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қыр­кү­йек­­те басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. Үміт­кер­лер­ді барлық бағыт бойынша кон­курс­тық ірік­теу 2022 жыл­ғы 30 мамыр мен 30 қараша аралы­ғын­да өтеді.

Осы жылы магистратура мен резидентураға 385, докто­ран­ту­раға 60 стипендия қарас­ты­рылып отыр. Мамандықтарға келсек, техникалық салаға кадр даяр­лау мәселесіне көбірек көңіл бөлінген. Бұл туралы Халық­ара­лық бағдарламалар орталы­ғы­ның басқарма төрағасы Әнуар Жан­ғозин: «Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасымен «Бола­шақ» бағдарламасын қайта бағ­дар­лау процесі іске асырылды. Енді инженерлік-техникалық кадр­ларды даярлауға басты назар аударылады.

Осыған байланысты «Бола­шақ» бағдарламасы бойын­ша техникалық және IT маман­дық­тарға гранттар саны 60 па­йызға дейін ұлғайтылды. Бұл – «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Авиация және аэро­ғарыштық техника. Әуе қоз­ғалысын басқару», «Үлкен де­ректерді талдау», «Жаңа мате­риалдар технологиясы», «Де­рек­тер базасын басқару», «Авиа­­циялық техника және технологиялар», «Машина жасау», «Өнеркәсіптік автоматтандыру» және т.б. мамандықтар. Жалпы, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімінде академиялық оқуға 92, тағылымдамадан өтуге 158 мамандық қарастырылған», деді.

«Болашақ» бағ­­дар­­ла­ма­сын­да­ғы маман­дық­тардың тізімі сұ­­ра­­ныс­қа қарай жаңартылған. Орта­лықтың хабарлауынша, ең­бек нарығының үрдістерін талдау негізінде осы жылы ті­зімге инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жа­ра­тылыстану ғы­лым­дары сала­сындағы 40 жаңа мамандық енгізілді. Оның 17-сі атауларын кеңейту арқылы бұ­рын­­нан бар мамандықтарға енгі­зілген. Жалпы, басым маман­дықтар тізімі техникалық маман­дық­тармен 30%-ға артты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық ко­мис­сиясы мүшелерімен же­ке әңгі­мелесу және Шетелде кадр­­лар даярлау жөніндегі респуб­ли­калық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Басым маман­дықтардың, ұсы­нылатын универ­си­теттердің және қажетті құжат­тардың ті­зімін www.bolashak.gov.kz сай­ты­нан білуге болады.