Бір күндік үзілістен кейін «Джиро д’Италия» көпкүндігі қайта жалғасты. Жарыстың 15-кезеңі Апеннин түбегінің солтүстігінде орналасқан Ломбардия өңірінде өтті.
202 шақырымдық қашықтықта Intermarché - Wanty - Gobert Matériaux сапындағы чехиялық велошабандоз Ян Хирт шашасына шаң жұқтырмады. Ол мәреге 5 сағат 40 минут 45 секундта жетті. Екінші орындағы нидерландтық Тимен Аренсман (Team DSM) одан жеті секунд қалып қойды. Үшінші орынды аустралиялық Джей Хиндли (BORA – hansgrohe) иеленді. «Астананың» жігіттері арасында ең үздік нәтижеге Винценчо Нибали қол жеткізді. Мәреге жеңімпаздан 2 минут 6 секундтан кейін жеткен ол тоғызыншы орынға табан тіреді.
Жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) әлі де алда келеді. Екінші және үшінші сатыға аустралиялық Джей Хиндли (BORA-hansgrohe) мен португалиялық Жоау Алмейда (UAE Team Emirates) жайғасты. Өткен турдағы табысының арқасында Винченцо Нибали үш сатыға жоғарылап, қазіргі кезде бесінші орынды еншілеп отыр.