• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2022

Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды

349 рет
көрсетілді

«Жасыл даму» осы уақытқа дейін артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдауды бастады. Бұған дейін аталған компанияның ресми сайтында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты өтінім беру мүмкін болмаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл даму» АҚ recycle.kz ресми сайтында техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Кәдеге жарату төлемін қалыптастыру үшін жеке кабинет жұмыс істейді», делінген компанияның ресми таратқан ақпаратында.

«Жасыл даму» АҚ recycle.kz ресми сайтындағы жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Енді 2022 жылдың 14 мамырынан кейін утилизациялық алымды ескі мөлшерлеме бойынша төлеген жеке және заңды тұлғалар артық төленген сомасын қайтарып ала алады. Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш беруі қажет.

Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсетуі керек.