• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Мамыр, 2022

Мәслихаттардың ықпалы артады

168 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы «Восточный» көмір өндіру кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Депутаттар алдағы референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілген негізгі түзетулер туралы айтып, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылады.

–  Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туын­дады. Осындай әлеуметтік маңызы бар міндеттерді іске асыру үшін консти­туциялық реформа қажет. Мәжіліс пен облыс­тық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-про­порционалды моделі енгізіледі. Мәс­ли­хаттардың ықпалы артады.  Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікір­лерін барынша толық қамтуға мүм­кін­дік береді, – деді Айгүл Нұркина.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Вера Ким адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулер туралы түсіндірді.

– Құқық қорғау саласында елеулі өз­геріс­тер енгізілетін болады. Атап айт­қанда, Конс­титуциялық сот құрылады. Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл, яғни омбуд­смен мәр­тебесі Ата Заңмен айқын­далады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандық­тарын қорғау үшін жасалуда, – деді депутат.

«Восточный» көмір кенішінің жұ­мыс­шылары елдегі өзгерістерге оң көз­қараспен қарайтындарын айтып, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

–  Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды, сондықтан оған белсенді атса­лысқан жөн. Біз отбасымызбен рефе­рен­думға бірге барамыз, –  деді кеніш қызметкері Виктор Носенко. 

Алдағы уақытта депутаттардың сапарлары Конституцияға енгізілетін өз­геріс­­тер мен түзетулерді түсіндіріп, халық­ты рефе­­рендумға қатысуға шақыру мақ­сатын­да аудан­дар мен шалғай ауылдарда жалғасатын болады.

 

Павлодар облысы