• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2022

«Біздің болашақ» көрмесіне келіңіз

332 рет
көрсетілді

Балалар жылына орай об­лыстық Балалар және жас­өспірімдер кітап­хана­сын­да белгілі фототілші Тілеу­бек Шаях­мет­тің «Біз­дің болашақ» атты жеке фото­көрмесі ашылды.

Халықаралық балаларды қор­ғау күні қарсаңында ұйымдас­тыры­лған көрмеге бастауыш сынып оқушылары, ата-аналар қауымы қатысты. Кітапхананың саялы саябағында өткен шарада автордың осы уақытқа дейін түсірген балалардың бақытты әрі қызықты сәттерінен үздік туындылар көрермен назарына ұсынылды.

– Кішкентай балалар суретке түсуде түрлерін жасанды етпейді. Күлсе де риясыз, шынайы күледі. Соңғы жылдары балалардың осындай бақытты да қайталанбас сәттерін бақылап жүріп, суретке түсірдім. Нәтижесі міне, халыққа көрме ретінде ұсынып отырмын, – дейді облыстық «Didar» газетінің фототілшісі Тілеубек Шаяхмет.

Фототілшінің әуелгі мақсаты – Шығыста фотоөнерді дамыту. Айтуынша, ең жедел ақпарат фото мен бейнеролик. Сондықтан да осы салаға мән беруіміз керек деп есептейді.

«Біздің болашақ» атты алғаш­қы жеке фотокөрмесінде автор қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шебер­лік сағаты арқылы фотоға түсу­дің және түсіре білудің құпия­лары­мен бөлісті. Сондай-ақ фотограф кітапханаға Өскеменнің көрік­ті жерлері мен әртүрлі мереке күн­дерінде түсірілген фотосуреттер жинағын сыйлады.

Көрікті көрме алдағы уақытта Өскемендегі Металлургтер сая­бағында, Арбатта жалғасын табады. Фототілшінің жоспарына құлақ түрсек, көрме бала­лар күнімен ғана тоқтап қал­май­ды, алдағы мереке-мейрамдар­да да тақырыптық көрмелер ұйым­дас­тыруды жоспарлап отыр. Мә­селен, әр мамандықтың мере­кесі қарсаңында фотосурет ар­қылы сол жұмыстың қызығы мен шы­жы­ғын суретке тартып, халық назары­на ұсынуды көздейді.

 

Шығыс Қазақстан облысы