• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Маусым, 2022

Шартты құрам жарияланды

312 рет
көрсетілді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өзінің ресми интернет ба­сылымында биылғы Чемпиондар ли­гасының шартты құрамын жария­лады.

Футболшылардың бір маусымдағы ерекше ойыны мен қарым-қабілетіне бақы­лау жасаған УЕФА өкілдері биылғы Еу­рокубок бәсекесінің шартты құрамына мына футболшыларды енгізді: Қақпашы – Тибо Куртуа («Реал»), қорғаушылар – Трент Александр-Арнольд, Вирджил ван Дайк, Эндрю Робертсон (барлығы – «Ливерпуль»), Антонио Рюдигер («Челси»), жартылай қорғаушылар – Фабиньо («Ливерпуль»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Лука Модрич («Реал»), шабуылшылар – Карим Бензема, Винисиус Жуниор (екеуі де – «Реал»), Киллиан Мбаппе (ПСЖ).

Шартты құрамға Чемпиондар лигасында топ жарған «Реал» мен финалист «Ли­вер­пульдің» төрт-төрттен футболшы енген. 29 ма­­мырда өткен турнирдің финалында «Реал» «Ли­­верпульден 1:0 есебімен басым тү­сіп, 14-ші чемпиондығына қол жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар