• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Маусым, 2022

Қытай «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесін ұшырды

276 рет
көрсетілді

Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесі Қытайдың Тяньгун орбиталық станциясына ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зымыран елдің солтүстігіндегі Цзюцзюань айлағынан ұшырылды. Экипаж құрамы Чен Донг, Цай Сюже есімді ер адамдар және Лю Ян есімді әйелмен толықты. Ғарышкерлер онда жарты жыл болып, желтоқсан айында Жерге оралуы керек. Осы уақыт аралығында олар Қытай ғарыш станциясын құру жұмыстарын аяқтап, 100-ден астам ғылыми зерттеу жүргізеді.

Салтанат Кенжебай