• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 10 Маусым, 2022

Киік санын реттеуге арналған бұйрық жобасы пысықталады

618 рет
көрсетілді

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің ашық деректер порталында киік дериватын жинауға бұйрық жобасын пысықтау үшін қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология министрлігінің мәліметінше, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру, нақтылап айтсақ, киіктерді пайдалануды 2023 жылға дейін тыйым салудың нәтижесінде олардың жыл сайынғы орта саны 40%-ға артып отырды.

«2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 миллионға жетті. Дегенмен, бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек екен. Әсіресе Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет – онда киіктердің саны 801 мың басты құрайды. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен киіктердің бәсекелестігі арта түскен. Сонымен қатар, киіктер Бастыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіруде», делінген комитет хабарламасында.

Бүгінде 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған болатын.

«Қазіргі уақытта киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленуде. Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады», делінген хабарламада.