• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2022

Түркістанда есірткі қылмысы туралы хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды

305 рет
көрсетілді

Түркістан облысында заңсыз есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылықтар туралы анонимді хабарлама жіберетін Telegram-бот құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полиция қызметкерлері, нарколог-дәрігерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ресурстық орталығының мамандары және басқа да мүдделі қызмет өкілдері бас қосқан жиында белгілі болды.

Мамандар қаладағы қазіргі нашақорлық жағдай туралы сөз сөйлеп, емдеу-оңалту жұмыстарын таныстырып, олардың нәтижесін айтты.

Іс-шара барысында «Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігінің өкілі жастар арасында қолға алынған жобаларды, олар бойынша қайтарымсыз гранттар бөлінгенін хабарлады. Сонымен қатар азаматтар арасында есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтар туралы анонимдік хабарламалар бойынша арнайы telegram-бот құрылғанын мәлімдеді.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар