• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Маусым, 2022

Ерлан Қарин Орталық Азия ынтымақтастығы туралы конференцияға қатысты

182 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Конференцияға Орталық Азия елдері стратегиялық зерттеу институттарының басшылары, өңір дамуының өзекті мәселелерін зерттеп жүрген белгілі сарапшылар келді.

Өз сөзінде Ерлан Қарин осындай көпжақты әрі жоғары деңгейдегі сарапшылар арасындағы диалог өңірлік проблемалар мен сынақтарға және оны шешуге байланысты бірыңғай тәсіл әзірлеуге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға септігін тигізетінін айтты.

Аяна Тоғанбек