• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Шілде, 2022

Чемпионды таба алмай жатыр

206 рет
көрсетілді

Кәсіпқой рингте күш сынасуды армандаған Кубаның талай боксшысы өз елін тастап, өз­ге мемлекеттерден саяси баспана сұра­ға­ны­на сан мәрте куә болған едік.

Таяуда сондай әрекетке Энди Крус та барды. Бұл есім қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс.

26 жастағы Бостандық аралының өкілі 2017-2021 жылдар аралығында Гамбург, Екатеринбург және Белградта өткен әлем чемпионаттарында бас жүлдені олжалады. Былтыр Токиода алауы тұтанған Олимпия ойындарында 63 кило салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Басқа да көптеген халықаралық жарысты ұтты. Екі рет Панамерика ойындарында қарсылас шақ келтірмеді. Крустың жолы бірнеше рет қазақ боксшыларымен де қиысты. Сол бәсекелердің дені кубалық қабыланның пайдасына шешілді.

Кәсіпқой рингте де өзінің мықтылығын мойын­датқысы келген Энди Крус АҚШ-қа қоныс аударуды құп көрген екен. Сол себепті де шетелде өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде ол белгісіз бағытқа кетіп қалған көрінеді. Қазір Крусты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Егер кубалық құқық қорғаушылардың қо­лына түссе, онда атақты боксшы түрмеге тоғы­тылады.