Ақмола облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 маусымда Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне “Қарасай тас жолы” айналма жолы бойындағы автодромда қарулы адамдар тобының қатысуымен қақтығыс орын алып жатқандығы туралы хабар келген.
Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу жетті.Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аяна Тоғанбек