• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Шілде, 2022

Көші-қон заңнамасын бұзған 98 шетелдік елден шығарылды

225 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полицейлері 27 маусым мен 4 шілде аралығында қаладағы құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, адамдар көп жиналатын орындар мен шетел азаматтары заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты.

Мұндағы мақсат – еліміздегі көші-қон тұрақтылығын сақтап, заңсыз көші-қонның криминогендік жағдайға теріс әсерінің алдын алу.

«Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 98 шетел азаматы елден шығарылды. Соның ішінде 8 шетелдікті соттың шешімімен елден шығаруға тура келді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзған, ал 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды», делінген елорданың полиция департаменті таратқан хабарламада.

Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі көрсетіп отырғандай шетел азаматтары Қазақстан Республикасына келу, елде болу және елден кету тәртібі ережелерін жиі бұзады.