• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Шілде, 2022

Коронавирус қайта күшейді

288 рет
көрсетілді

Біраз уақыт тынышталып қалған коронавирус қайтадан күшіне міне бас­тағандай. Кейінгі кезде вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Осыған бай­ланысты туристік орындар карантин талаптарын қайта күшейтуге кірісті.

Мәселен, Еуропаға келген­дерге ін­дет­­тің салдарынан қа­был­дануы ықти­мал карантиндік шек­теулер демалыс­тарына, сапарына кедергі келтіруі мүмкін екені ескертілмек. Кейбір елдің денсаулық сақтау мекемеле­рі адам көп жиналатын орындарда маска тағуды, сондай-ақ басқа да шек­теу шараларын қайта ен­гізуге шақырды.

Атап айтқанда, туристер көп баратын елдерде – Грекияда, Испанияда, Францияда, Герма­ния­да вирус жұқ­тырғандар саны күн санап көбейіп келеді. Одан қала берді, Марокко, Тунис, Кариб теңізі аралдары секілді жиһанкездерді қызықтыратын өңір­лерде де індет қайта күшіне мінді.

Грекияда 18 бен 24 жас ара­лы­­ғындағы тұрғындар арасында нау­қас­танғандар өте көп. Ден­саулық сақ­тау министрлігінің хабарлауынша, жаңа жағдайлар танымал туристік аймақ­тарда шоғырланған. Өткен аптада бір тәу­лікте 12 мыңға жуық инфекция жұқ­тырған адам тіркелді. Бұл алдыңғы апта­мен салыстырғанда шамамен үш есеге көп.

Әсіресе Ион теңізіндегі Кор­фу, Цефалония және Закин­тос арал­да­рында дертке шал­дыққандар кө­бейген. Крит, Аттика аймағы, оның ішін­де Грекия астанасы Афина, оң­түс­тік Эгей, Миконос және Парос секіл­ді аралдар, сонымен қатар Родос пен Кос аралдары да қауіп­ті деңгейде қалып отыр.

Грекия мамыр айында ко­ронавирусқа қарсы қабылдан­ған шаралардан бас тартқан. Дегенмен, қоғамдық жабық орын­дарда, соның ішінде аурухана­ларда, қоғамдық көліктерде және круиздік кемелерде бетперде кию әлі де міндетті.

Сарапшылар дертке шал­дық­қан­дар саны әлдеқайда көп болуы мүм­кін екенін айтып отыр. Өйткені тұр­ғындар бұ­рын­ғыдай емес, тест тапсыруға құ­лық­ты емес. Сондықтан вирус жұқтыр­ғандар оны білмей жүре беруі мүмкін.

Испанияда ауырғандар саны өт­кен аймен салыстырғанда 60 пайызға өскен. Бірақ жыл ба­сындағы жағдайға әлі жете қой­ған жоқ. Майорка, Ибица, Менорка және Форментера аралдарын­да науқастар көбейген. Бұл маңда «Омик­­­рон» штамының BA.5 нұсқасы кең та­­ралған. Осыған байланысты дәрі­гер­­лер жағдай уыстан шығып кетуі мүм­­­кін еке­нін айтып дабыл қағып жатыр.

Францияда екі аптадан астам уақыт ішінде науқастар саны 80 пайызға өскен. Бірақ шектеулерді қайта енгізу жоспарын халық қолдамайды. Таяуда ғана маска тағу міндеттемесі алы­нып тасталған-ды. Денсаулық сақ­тау министрі Брижит Бургиньон халық­тың қоғамдық көлікте және басқа адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағауды ұсынды.

Сондай-ақ Италияда, Пор­туга­лияда да індет қайта өршіп келеді. Осы­ған байланысты аталған елдер­дің ден­саулық сақтау саласы мамандары ертерек қам­дану қажет екенін айтады.