• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2022

«Спасск-2022» семинары өтті

104 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы «Астана» өңірлік қолбасшылығының полигонында республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне, сондай-ақ блогерлерге арналған «Әскери дискурс. Спасск-2022» оқу-практикалық семинары өтті.

Далалық жағдайда өткен тренингтер журналистерді тө­тенше жағдайда және қарулы қақ­тығыстар аймағында жұмыс істеуге дайын болуға үйретті. Оқыту барысында тәжірибелі әскери мамандар бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дерімен білімдері және прак­тикалық дағдыларымен бөлісті.

Семинарға қатысушылар әс­кери қақтығыс аймағындағы жұ­мыстың ерекшеліктерімен, ал­ғашқы медициналық көмек көр­сету тәсілдерімен, жаппай тәр­тіп­сіздік кезіндегі мінез-құ­лық ережелерімен, төтенше жағ­дайларда жекелей өмір сүру не­гіз­­дерімен, журналистің қолға тү­сіру және тұтқындау кезіндегі әре­кеттерімен танысты.

Сабақтар кезінде дабыл бо­йынша іс-қимылға кірісу, марш жасау, миналанған алаңнан өту, жауынгерлік техникамен жүру ережелері, қауіпті аймақтан әскери авиация тікұшақтарымен эвакуациялау, қаладағы ұрыс қимылдары жағдайында жур­налистің өзін басқаруы сияқты оқу мәселелері зерделенді. Се­минарға қатысу­шы­лар теория­да білгендерін оқу-жаттығу орта­лы­ғының базасында, далалық алаңда бекітті.

– Мен журналистерге арналған әскери дискурсқа алғаш рет қаты­сып отырмын. Мен үшін аса қажетті тәжірибе, – деді өз сөзінде «Казахстанская правда» газетінің аға тілшісі Әсел Мұқанова. – Бі­рінші күні төтенше жағдайда өзімді қалай ұстау керектігін біл­мейтінімді түсіндім. Бізге «террористер шабуыл жасаған кезде» мен бірден қашуға тырыс­тым. Алайда олар мені жылдам ұстап алды. Шынымды айтсам, алғашқы сәттер өте қорқынышты болды. Әскери қызметшілер «содырлар» рөлін жақсы ойнады. Сұрақтарына жауап берейін бе, әлде үнсіз қалған дұрыс па? Не істеу керек? Мұндай дискурсты әр журналиспен өткізген жөн. Бұл қажетті тәжірибе ғана емес, сондай-ақ өте қызықты семинар. Қорғаныс министрлігі осындай іс-шараларды 2015 жылдан бері өткізіп келеді. Қауіпті нүктелерде журналистерді тәжірибе жинау­ға үйрету өзекті. Алған әсерлері жайлы олар ресми БАҚ-тың ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жазды.