Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сора өсімдігін өсірген 58 және 41 жастағы қала тұрғындары далалық аймақта қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 шілде күні Сырдария ауданы Бесарық ауылы Потхоз елді мекенінен Жаңадария өзені жағасы далалық аймағынан қалың шеңгел арасынан 357 түп сора өсімдігі анықталды. Оқиға басынан заттай дәлелдеме ретінде палатка, газ баллон, плита, 20 литрлік құты, шелек, бөшке, 35 метрлік шланга, көрпе-төсектер, бір аккумулятор, 25 метрлік ұзартқыш, ыдыс аяқтар алынды.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктердің жалпы салмағы 21 келіге жуық сора болып шықты.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.
Аяна Тоғанбек