Жүкті құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
«Қырық футтық контейнерден тұратын пилоттық пойыз белгіленген станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы 8 мың шақырымнан асады. KTZ Express Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытына жүктерді қайта бағдарлауды жеделдетуге ерекше назар аударады», деп жазды ведомстводан.
Еске сала кетейік, биыл маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді.