• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2014

70 жылдыққа арналған Жеңіс сағаты

340 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі саясат басқармасы 1941-1945 жылғы соғыстың аяқталуы­ның 70 жылдығына арналған 100-ге жуық әртүрлі бағдарлама, шара­­­лар өткізуді жоспарлап отыр. Биыл ауыл-қалаларда тұратын соғыс арда­гер­лерінің пәтерлері жөнделіп, әрбір қатысушы мен соғыс мүгедегінің жеке есеп нөміріне 69 АЕК (127 788 теңге) көлемінде бір реттік мате­­­риал­­­дық көмек берілмекші. Облыс орта­­­лығындағы «Ардагерлер сая­бағы» мен соғысқа қатысқан ардагер­лердің аты-жөні жазылған тақта қайтадан қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры ата­ғын алған Махмет Қайырбаев, И.Кри­венко, И.Корнеев, И.Ледовский, С.Ма­ковский, И.Скля­ров, И.Сиренкоға арналған кештер, «Майдан жолы» патриоттық шарасы мен «Жеңістің 70 жылдығына арналған хронологиялық сағат» орнату жоспарлануда. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.