• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Шілде, 2022

Еуропалық одақ Қазақстан реформаларын қолдайды

140 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында тараптар арасындағы кеңейтілген ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Кезедсуге Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шы­ғыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы ди­ректорының орынбасары Люк Девинь де қатысты. Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберінде өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі қозғалды.

Тараптар ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және жоғары деңгейдегі тұрақты бай­ланысты атап өтті. Биылғы 4 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Еуропалық Кеңестің Пре­зи­денті Шарль Мишель телефон ар­қылы сөйлесті. Сонымен қатар Қа­зақ­стан мен Еуропалық одақ, сондай-ақ Орталық Азия – Еуропалық одақ диалогты одан әрі нығайтуға бағыт­талған бірқатар іс-шаралар жоспар­ланған.

«Еуропалық одақ Қа­зақ­станмен саяси, экономи­калық және өңірлік диалогты сапалы да­мытуға ерекше мән береді. Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформаларды қолдап, оларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын», деді Т.Хакала.

Осы тұрғыда еуропалық тарап ағым­дағы жылғы 5 мау­сымда өткізіл­ген консти­ту­циялық референдумның қоры­тындыларын құптады. Тарап­тар көлік-логистика саласын­дағы ынты­мақтастықты терең­детудің және Транс­­каспий халық­аралық көлік бағ­дарын дамы­тудың өзектілігін атап өтті. Энер­гетикалық және азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің маңы­зына ерекше көңіл бөлінді.

Өз кезегінде Р.Василенко Еуро­па мен Азия арасындағы өзара бай­ланыс стратегиясы және «Жа­һандық қақпа» стратегиясы аясында Қазақстан Еуро­палық одақ­пен өзара тиімді ынты­мақ­тастыққа мүдделі екенін мәлім­деді. 

Кездесу қорытындысы бойын­ша тараптар екіжақты және өңір­аралық форматтағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету үшін тығыз өзара іс-қимылды жал­ғастыруға келісті.