• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2014

"Жайдарман". Сахна сыртындағы өмір (ФОТО)

727 рет
көрсетілді

Сіздер "Жайдарманды" қайдан көресіздер? Теледидардан ба,әлде сахнадан ба? Ал сахна сыртында да өмір бар екенін білесіз бе? Әлбетте, білесіз. Бірақ оның тап қандай ағымда жүріп жататынын жұрттың бәрі біле бермейді. Оның қандай арнада ағып жататынын бұрын біз де білмейтін едік. Сондықтан жайдарманшы жастардың бізге ұдайы жақсы көңіл-күй сыйлау үшін дайындық жұмыстарын қалай жүргізетіндерін өз көзімізбен көрсекші болдық. Бұл үшін, әрине, алдымен "Жайдарман" театрының басшыларының ресми рұқсат алып алдық. Алдық та іске кірістік... Жайдарманшылар тек бір қаладан емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді. Өз киімдерімен бірге сахналық,  қойылымдық киімдер алып келетіндіктен  әр-жерде шашылып жатқан жүк сөмкелерін көресіз. Жайдарманшылар - тек сахнада ғана емес, өмірде де көңілді, өнерлі жандар. Біз әскерилер дегенде - түсі суық, қолына қару ұстаған шымыр денелі жігіттерді ғана елестетеміз. Бірақ бұл команда осы стереотипті бұзып жүр. Құрамында тек жігіттер емес, қыздар да бар. Жайдарманшылар өнерде бәсекелес болғандарымен, өмірде бір-бірлерімен тату достар болып табылады. Олар сондықтан да кез-келген жағдайда бір-біріне ақылдарын айтып, көмектесіп жүреді. Қойылымға дайындық "Жайдарман" нөмірлері сахнаға шыққанға дейін жалғасып жатады. Тіпті тәжірибелі, сақа жайдарманшылардың өздері сахнаға шығар кезде кәдімгідей қобалжиды. Бірақ аздаған қобалжуды көрермендердің ыстық ықыласы әп-сәтте басады. Бұл фото жайдарманшылар ашығып жүреді  дегенді білдірмейді. Нан - қойылымға арналған өзіндік зат. Олар әрбір турдың арасында сахнада айтар сөздерін қайта пысықтап алады... Тек сонан соң ғана сахнаға шығады. Ал ол жердегі қобалжу тіпті басқа... Данияр Алан.