• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Алматыда салынатын жаңа әуежайдың эскизі жарияланды

191 рет
көрсетілді

Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны қоғамдық талқылаудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық талқылауға Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелері, сәулет және табиғатты қорғау ұйымдары, құрылыс, әуе компанияларының өкілдері, кәсіпкерлер, сонымен қатар қала тұрғындары қатысты.

2021 жылдың мамыр айында Алматы әуежайын сатып алған TAV Airports компаниясы халықаралық жолаушылар терминалының жаңа ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады.

«Талқылау барысында қоғам өкілдерінің түрлі пікірі тыңдалды, олардың Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының тұжырымдамалық дизайны туралы ойлары соңғы шешімді қабылдау кезінде ескеріледі», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.