Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы аумағына жарылғыш зат қойылды деген хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежай аумағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының қойылғаны туралы хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізді», делінген хабарламада.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежай аумағынан жарылғыш зат табылмаған.
Сондай-ақ ПД өкілдері бомба туралы жалған хабар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.