• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2014

125 отбасы келетін болды

248 рет
көрсетілді

Бұл жайында облыстық әкімдікте өткен кеңес барысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Сағындық Есімханов мәлім етті. Қуаныштысы, көшпен бірге көп бала келсе, облыстың ауылдарындағы бос қалған мектептер толады деген сөз. Ел Үкіметінің көші-қон мәселесін қайтадан қолға алғаны жайлы хабар бүкіл қазақты қуант­ты. Бұған дейін көші-қон арқылы елге келген оралман аға­йындарымыз негізінен солтүстік өңірлерге орна­ластырылатын. Енді қан­дастарымыз өңірді өз­дері таңдайтын болды, солтүстік пе, оңтүстік пе қай өңірге келсе де, оралман мәртебесін ала алады. Азаматтық алу мер­зімі де қыс­қартылады. Мұны естіп аға­йындар қатты қуануда,   дейді елі­мізге 1991 жылдары екі елдің еңбек шарты келі­сімімен жеткен Мұхит Жақсылықұлы. Жалпы, сол жылдардан бас­тап елімізге 1 мил­лиондай қа­зақ қоныс аударған болса, олардың 6521 отбасы немесе 29445 адамы солтүстік өңір­дегі біздің өндірісті облысқа қоныстанған. Облысымызға қазақ отбасылары Моңғолия, Өз­бекстан, Тәжікстан, Қыр­ғыз­стан, Қытай, Ауған­стан ел­дерінен қоныс аударған. Енді міне, тоқтап қалған қазақ көші қайта қозғалмақ. Қазір алдағы күндерде облысқа келетін 125 отбасын Лебяжі, Май, Баянауыл, Железин, Ақсу қаласы ауылдық аумақ­тарына, басқа аудандарға қоныстандыру, оларды тұрғын үймен, жұ­мыс­пен қамтамасыз ету жүйе-жобалары жасалуда. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.