• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2022

Семей әуежайында рейстер саны артады

154 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы әуежайда рейстер саны арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі халықаралық әуежайға барды. Бұл әуежай 1982 жылы пайдалануға берілген.

Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушы, оның ішінде ішкі желілерде 80% және халықаралық желілерде 20%. Ғимараттың жалпы ауданы - 3500 шаршы метрді құрайды. Ұшу-қону жолағы бетонмен жабылған.

«2015-2018 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын реконструкциялау, сондай-ақ апаттық-құтқару станциясының, орталық тарату пунктінің, қазандықтың, су станциясының құрылысы және аэровокзалды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта «Нұр-Сұлтан – Семей – Нұр-сұлтан», «Алматы – Семей – Алматы», «Шымкент – Семей – Шымкент» бағыттары бойынша тұрақты авиарейстер ұшуда. Алдағы уақытта бұл рейстер санын арттыру жоспарлануда», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әуежайдың қосалқы объектілеріне және әуе кемелері үшін 2-ден 14 орынға дейін тұрақтарды ұлғайту қажеттігі белгілі болды. Бұдан бөлек, қызмет көрсететін арнайы техникалар жаңартылуы тиіс.