• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2022

Әлеуметтік жобаларға – 2,6 млрд теңге

121 рет
көрсетілді

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы әлеуметтік жауапкершілік тұрғысында Павлодар өңірінде өркенді істерді қолға алуда. Облыс басшылығы мен Еуразиялық топтың арасында биылға жалпы құны 2,6 млрд теңге тұратын әріптестік меморандумы қабылданды. Оған бұқаралық спортты дамыту, медициналық және білім беру мекемелерін жабдықтау, елді мекендерді абаттандыру тармақтары еніп отыр.

Жуырда аталған құжатқа облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Еура­зиялық топтың басқарма төра­ғасы Серік Шахажанов қол қойды. Қаражаттың басым бөлігі қала инфрақұрылымын дамытуға, дене шынықтыру-сауықтыру нысандарының құрылысына, ме­ди­циналық мекемелерді қайта жаңғырту мен білім беру сала­сын­дағы бастамаларды іске асыруға жұмсалады. Мәселен 10 колледж материалдық-техникалық база­сын нығайтуға қаражат алады. Об­­лыстағы перинаталдық меке­ме­­лердің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылып, өңірлік балалар ауруханасының жаңа корпу­сы­ның жобалық-сметалық құжат­та­рын әзірлеу жоспарланған. Қол­даныстағы денсаулық сақтау меке­ме­лері жөнделеді.

Меморандумда әлеуметтік жо­­­ба­­­ларды цифрландыру да қа­рас­­­тырылған. Павлодар облысы­ның аймақтық геоақпараттық жү­йесі мен автоматтандырылған «112 ке­зекші диспетчер қызметі» ақ­па­рат­тық жүйесін әзірлеуге қаржы қарастырылған.

Келісімде аймақтағы ұстаз­дар­дың біліктілігін арттыруға сеп болатын «ERG Mektepke» және «ERG колледждерге» атты бағдар­ламаларды жүзеге асыру да қамтыл­ған.

– Біз өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­калық қуатын өсіруді көздейтін жұ­мысы­мызды жалғастыра бере­міз. Бұл – біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің негізі әрі қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын жақсартуға күнделікті қосар үлесіміз. ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал ету керек, – деді ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Меморандум аясында ERG-дің корпоративтік бастамасы – «Tugan Qala» жобасын қаржылан­дыру көзделген. Бұл – шаһар тұрғын­да­рын­ың бастамалары мен идеяларына сарапшылармен бірлесе отырып іске асыруға мүмкіндік беретін ерекше жоба. Үздік жобаларды тұрғындар дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Биыл бұл бойынша 16 жоба меморандумда қамтылған. Жалпы бюджеті 80 миллион теңгені құрайтын нақты бастамалар жыл соңына дейін жүзеге асырылуға тиіс.

Атап өтейік, Еуразиялық топ кәсіпорындары орналасқан өңір­лер­ге Eurasian Resources Group құйған инвестициялардың жалпы көлемі бүгінде 1 млрд доллардан асады.

 

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ,

журналист

 

Павлодар облысы