Шығыс Қазақстанға еркін күрестен U-17 әлем чемпионатының жеңімпазы Дарын Әскербек келді. Әуежайда оны туыстары мен достары қарсы алды.
Балуан 2005 жылы Шығыс қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
– Дарын бұл спорт түрімен 7 жыл бойы айналысып келеді. Осы жылдар ішінде ол еліміздің бес дүркін чемпионы атанды. 2018, 2019 және 2022 жылдары Әлем, Азия чемпионаттарында жүлделі екінші орындарды иеленген. Ұлымды мақтан тұтамын, – деді балуанның анасы Гүлмира Ахметкаримова.
Осы орайда балуан да халқына, ата-анасына алғысын айтты.
– Мені қарсы алған ата-анама, жақындарыма және достарыма рахмет айтқым келеді. Бұл спорттағы тек бастамам ғана. Әлі де биік шыңдарды бағындырамын, – деді Дарын Әскербек.
Шығыс Қазақстан облысы