Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған салық декларациясын тапсыруға небәрі 12 күн қалғанын ескертті.
«Бизнес субъектілеріне ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны (910.00 нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тапсырудың соңғы мерзімі аяқталатынын еске саламыз», деді комитет өкілдері.
Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);
– СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);
– қағаз түрінде;
– Halyk Bank мобильді қосымшасының 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі.
Бұл ретте есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.
Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер саны - 1 187 554, оның ішінде дара кәсіпкерлер – 1 047 586, заңды тұлғалар 139 968.