• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2022

Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес

135 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары үшін семинар-кеңес өткізді.

Үш күндік жұмыс сессиялары барысында негізгі спикерлер ретінде Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров, төрағаның орын­басары Константин Петров, сон­дай-ақ ОСК мүшелері Сәби­ла Мұстафина, Анастасия Щегор­цова, Асылбек Смағұлов және Шавхат Өтемісов сөз сөйледі.

Семинар-кеңестің бірін­ші күні республикалық рефе­рен­дум науқанының қоры­тын­­дыларына арналды. Ре­фе­рендумға дайындық жөніндегі ко­миссиялардың атқарған жұ­мыстары, дауыс беру күнін

ұй­ым­­дастыру, оның ішінде мү­ге­дек адамдарға жағдай жасау мә­селелері талқыланды. Сондай-ақ ақпараттық, қаржылық қам­тамасыз етуге, референдумға қаты­сушыларды оқыту қо­рытындыларына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ сот актілерін қарауға талдау жүргізілді. Аумақтық сайлау комиссияларының өкіл­дері референдумға дайындық және оны өткізу кезеңіндегі түр­лі қызмет бағыттары бойын­ша жұмыс тәжірибелерімен бө­лісті. Семинардың бірінші бло­гының қорытындылары бойынша белсенді пікір алмасу болды және референдум науқанының қорытындыларын ескере отырып, аумақтық сайлаукомдарға сайлау комиссияларының одан әрі жүйелі жұмысы жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Екінші күні семинарға қаты­сушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Үкімет ұсынған сай­лау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар жобасы ұсынылды. ОСК мүшелері аумақ­тық сайлау комиссияларымен Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аралас сайлау жүйесін енгізуге, әкімдерді сайлау тәжірибесін дамытуға, әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатты құқықтық реттеу­ге, ұлттық байқаушылардың қызметіне, сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыруға және сайлау процесін жаңғырту жөніндегі өзге де бағыттарға байланысты заңнама жаңалықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар Әкімшілік рәсімдік-про­цессуалдық негіздер мен сайлау дауларын қарау тәр­тібі тал­қыланды. Талқылау қоры­тындысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларына сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсы­нымдар беру тапсырылды.

Үшінші күні аумақтық сайлау комиссияларының құрамын кәсібилендіру тақырыбы талқы­ланды. Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының директоры Жанар Бұқанова орталық базасында сайлау процесіне қаты­сушыларды даярлау және оқыту бойынша алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Семинар соңында Орталық сайлау комиссиясының төр­ағасы Нұрлан Әбдіров үлкен жұмыс атқарылғанын, Респуб­ли­калық референдумның қоры­тындылары шығарылғанын, негізгі міндеттер түсіндірілгенін және елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық-саяси реформаларды іске асыру бойынша одан әрі қадамдар белгіленгенін, сондай-ақ бірқатар нақты тапсырма берілгенін атап өтті.