• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Тамыз, 2022

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

280 рет
көрсетілді

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 тамызда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, күндіз таулы, тау етегіндегі аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында 14 тамыз күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

14 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 14 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Күндіз 14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында күндіз 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

14 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метр болуы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 14 тамызда төтенше өрт қаупі жалғасады.

14 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысыңың солтүстігінде, шығысында, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодар қаласында 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.