• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2022

Өзбекстанда автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды

267 рет
көрсетілді

Өзбекстанның Сырдария облысында автобустағы газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Сырдария облысының Ақалтын ауданында болған.

Автобустың газ баллондарының бірі газ құю станциясында жарылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 15-і әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайын Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен құралған жұмыс тобы тексеріп жатыр.