Ертең Мажарстанда баскетболдың 3х3 түрінен жастар арасындағы Әлем кубогы басталады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.
Жерлестерміз D тобында ойнайды. Қарсыластарымыз – Украина, Литва, Бахрейн және Бразилия құрамалары. Біздің жігіттер өздерінің тұсаукесер кездесуін Балтық жағалауынан келген баскетболшылармен өткізеді. Аталған жарыста ел намысын Радислав Родионов, Степан Якубович, Әмір Тәшімов, Елдар Хилажев, Әнуар Арғынбаев және Тимур Батырқұл қорғайды.
«Бір айға созылған Әлем кубогына дайындықты жақсы өткіздік. Жігіттеріміздің барлығы да өздерін жақсы қырынан көрсетті. Иә, қарсыластарымыздың барлығы да мықты екені мәлім. Бірақ біз де қарап қалмаймыз», дейді құраманың жаттықтырушысы Ривқат Бабекенов.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр өткен Әлем кубогында қазақстандық ойыншылар ширек финалға дейін жеткен болатын.