• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2014

Ибрай Тулешов. Ол кім?

287 рет
көрсетілді

Ресейлік «Югра» іздестіру­­­­ші­лер отрядының мүшелері 2006 жылғы тамыз айында Ржев ауда­нының Дорогино деревня­сының маңынан соғыс кезінде қаза болған жауынгердің сүйегін тауып алады. Оның медальонында «Тулешов Ибрай (медальон) 1911 г.р., красноармеец, призван Молотовским РВК Казахской ССР. Адрес семьи: Казахская ССР, Акмолинская область Молотовский район п. Куру...» деген жазулар бол­ған. Мәйіт көп кешікпей Ржев қала­сында салтанатты жағдайда жерленген. Міне, содан бергі уақыт ішінде Тулешов Ибрайдың кім екендігі анықталмай келеді. Іздестірушілер тапқан деректерге қарағанда Ибрай Тулешов Ақмола облысы, Дзержинск ауданында туған, соғысқа Молотов әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Егер құжаттарға сүйенсек, И.Тулешов 1942 жылдың қараша айында қаза тапқан. Оның Семега Тулешова есімді әйелі болған. Бұл жерде Семега деген оның нақты есімі болмауы әбден-ақ мүмкін. Құжат толтыру барысында қате кету мүмкіндігін де ескеру керек. Әйелінің тұрғылықты жері «Дзержинск ауданы, Торғай селолық советі, Қазақ КСР-інің 20 жылдығы атындағы колхоз екендігі де жазылған. Демек, И.Тулешовтің өзі де осы кол­хоздың мүшесі болған деуге толық негіз бар. Әрине, бұл жерде елді мекендер мен колхоз, аудан атаулары соғысқа дейінгі немесе соғыс тұсындағы атаулар екендігі белгілі. Содан бері жер-су атаулары қаншама өзгерістерге түсті десеңізші! Бұл, әрине, өз кезегінде іздестіру жұмыстарын қиындата түсетіні анық. Тіпті, ресейлік іздестірушілер аудан аты Дзержинск емес, Зерендинск екендігіне де күмәнсіз. Өйткені, олар Абилов Салим есімді жауын­гердің құжаттарындағы Ақмола облысы Зеренді ауданы, Торғай сельсоветі, Қазақ КСР-інің 20 жылдығы атындағы колхоз» деген жазбаларға қарап, «Зерендинск» дегеннің Дзержинск» болып жазылып кетуін де жоққа шығармайды. Іздестірушілер ізіне қаншама түссе де таба алмай, анықтай алмай жүрген елді мекен атауы «КУРУ» деп басталатын поселке . Іздестірушілерді тығырыққа тіреген тағы бір жауап, бұл олардың Зеренді аудандық архивінің олардың сауалына орай қайтарған жауабы болып тұр. Бұл жауапта «Тулешев Ибрай, 1911 года рождения призванный Зерендинским РВК остался жив и умер в 1980 году» деп жазылған. Бұл екеуі бір адам ба, жоқ әлде екеуі екі адам ба? Туған жылдары мен әскерге шақырылған комиссариаттарының бір екендігі ойландырмай қоймай­ды. Қазақтарда кісі аттарының қайталанып, сәйкес келе беруі өте сирек кездесетіні белгілі. Сон­дықтан, егер Зеренді мұрағаты өз жауабында «соғыстан оралып, бертінде қайтыс болған Тулешев Ибрайдың соғысқа дейін қайда тұрғанын, әйелінің есімі кім бол­ғанын анығырақ жазғанда бір­шама түсініктірек бола түсер еді. Бір қызығы, Сандықтау аудан­дық қорғаныс істері жөніндегі бө­лімі мен мұрағатынан іздесті­ру­шілер алған жауапқа қарағанда, И.Тулешовтің есімі осы ауданның «Боздақтар» (Книга Памяти) кіта­бында жазылған. Ал онда қалай жазылғаны жөнінде кеңірек мәлі­мет берілмеген. Тек «туған-туыс­тарынан хабарымыз жоқ» деген қысқаша ғана жауап бар. «Мы проверили по хозяйственные книги с названием, которые начинаются на Куру..., но таких сел у нас не было. А книги по хозяйственного учета в архиве имеются. Если вы уточните полное наименова­ние села, то мы сможем прове­рить по его названию» деген жауап­тан Сандықтау аудандық архиві басшысының И.Тулешов тура­лы деректерді іздестіруге сон­­­шалықты ынталылық таныт­пай отырғаны аңғарылады. Егер, ресей­лік іздестірушілер елді ме­кен­нің толық атауын білетін болса, сұрау салатын ба еді? Олар «бір көмегі тие ме екен?» деп жергілікті жерге қолқа салып отыр емес пе? Абдолла ДАСТАНОВ, Жезқазған аймақтық «Мысты өңір» газетінің директоры. Қарағанды облысы.