• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2022

Елорда әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатқан

181 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатқан. Бұл билет бағасына әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы талдау қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ іс-әрекетінде нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі баға қолдану бөлігінде Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.

Осылайша, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық отынды сату нарығында доминант бола отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген.

Бәсекелестік заңнамасын бұзудың анықталған белгілерінің негізінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент 2022 жылдың 16 маусымында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға қатысты авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану жөніндегі іс-қимылды тоқтату талабымен хабарлама шығарды.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ хабарламаны назарға алып, департаменттің заңды талаптарын орындады.

Нарық субъектісінің баға жағдайының ауытқуына қатысты іс-әрекеттері түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне, оның ішінде әуе тасымалдарының бағасына әсер етеді.