• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2022

Қуатты ұлттың діңгегі – халық

466 рет
көрсетілді

Елді біріктіріп, жасырын ресурстарды жұмылдыратын, халық пен Үкіметтің күш-жігерін шоғырландыру жолында азаматтық қоғамдастық маңызды рөл атқаратыны мәлім. Яғни халық пен билік арасындағы алтын көпір дерлік үкіметтік емес ұйымдар үшін Президент Жолдауы басты ұстаным болуы керек.

Жолдауда айтылған жаңа экономи­калық саясатқа қатысты әрбір бастама ел қолдауына ие болары анық. Ауыл шаруа­шылығы, су мәселесі, ұлт саулығы, білім беру салалары бойынша тың да қара­па­йым халыққа жағдай жасау мейлінше ес­керіл­ген бастамаларды жүзеге асыру маңыз­ды. Мысалы, ш­ағын және орта биз­нес­ті қолдаудың нақ­ты жолдары аталды. Айта кетелік, Түркі­стан облысында кәсіп­кер­лікпен айна­лы­сатын әйелдер қа­тары артып келеді. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 32%-ын­да әйелдер басшылық жасауда. Яғни Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшін­ші кәсіпкер – әйел. «Бизнестің жол кар­тасы-2025» бағдарламасы да әйел кә­сіп­керлері тарапынан белсенді қолда­ны­луда. Бағдарлама арқылы өткен жылы кәсіпкерлерге 25 млрд теңгеге 6 пайызбен 1371 жеңілдетілген несие берілген болса, қолдау алған жобалардың тең жартысы – нәзік жандар. Осы жылдың 6 айында 9,6 млрд теңгеге 274 жоба қолдау тапса, оның 48%-ы әйел кәсіпкерлердің үлесінде.

Жолдауда соңғы кезде рұқсат етілген митингілерде жиі көтеріліп жүрген әйелдердің зейнетке  шығу жасына қатысты нақты жауап берілді. «Кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді тапсырды. «Әр отбасы елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудан нақты игілік көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау керек деп есептеймін. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ын балалардың жасы 18-ге толғанға дейін жеке шоттарына мерзімінен бұрын шешіп алу құқығынсыз аударып отыруды ұсынамын», деді Мемлекет басшысы. Бұл қаражатты 18-ге толған азамат баспана мен білім алуға жұмсайтын болады. Сондай-ақ елімізде ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Яғни еліміздегі 1,8 млн адамның кірісі артады.

Өз сөзінде қуатты ұлттың діңгегі халық екендігін айтқан Президент ел бірлі­гі­не ерекше мән берді. Иә, бүгінде қа­шанда ең басты құндылық саналатын ел бір­лігінің өзектілігі арта түскен. Демек бірлік-ынтымағымызды сақтап және оны нығайта түсе, Жолдауда айтылған игі бастамаларды жүзеге асыруда аянбайық.

 

Инара НАМАЗБАЕВА,

«Түркістан облысындағы азаматтық Альянсы» бірлестігінің президенті,

облыстық мәслихат депутаты