• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2022

Сайлау жүйесін жаңғыртудың маңызы аса жоғары

771 рет
көрсетілді

Президенттің бұл Жолдауы ерекше жағдайда жарияланды. Қаңтар оқиғасы, қала берді, Конституцияға өзгерістер енгізуді мақсат еткен жалпыұлттық референдумнан кейін Жолдаудың маңыздылығы жоғары. Еліміздің экономикалық дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән берілуі заңдылық. Ал бұл екі бағыт – Жолдаудың негізгі бөлігі.

Ендігі жерде бұл бағыт­тағы заңдардың қабылданып, жүйелі жүзеге асуы маңыз­ды. Жыл соңына дейін конс­титуциялық заң­дар, өзге де заң тармақтары толы­ғымен қабыл­данып, жаңа көз­қарас­пен жаңа белестерді ба­ғын­дыруға ұмтылуымыз керек.

Сайлау жүйесін жаңғырту­дың бүгінге маңызы зор. Жасы­­ратыны жоқ, халық сай­лауға селқос қарайды. Әр дауыс­тың маңызды екеніне сен­бейді. Бұдан былай мажо­ри­тарлық жүйе бо­йынша әрбір аймақ Парламенттің тө­менгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әр­түрлі азаматтардың Мәжі­ліс­ке келуіне мүмкіндік береді. Мәжілістің депутат­тық корпусының 70 па­йызы – пропорционалды (пар­тия атынан), 30 пайызы ма­жоритарлық негізде жасақ­талады. Демек үміткердің қандай да бір партияда болуы маңызды емес. Тікелей сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сайлауына да аралас үлгі ен­гізілді. Аудандар мен қала­лардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшті. Яғни әр депутат тікелей сайланады. Бұл бәсекелі саяси орта қалыптастыру үшін маңызды. Ендігі жерде ел алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашылады.

Тағы бір маңызды мәселе – сот жүйесінің жаңғыртылуы. Сот жүйесіндегі жүргізіліп жат­қан ре­фор­малар аталған салаға жаңа­дан білікті мамандарды жұмыл­дыруға, әділ сот төре­лі­гін орнықтыруға тиіс. Мұн­дай іс-шаралар мен бастамалар, ең алдымен, қоғамның соттар­ға деген се­німін нығайту үшін жа­салып отыр. Енді жаңа норма­лар­дың нақты жүзеге асырылуын қам­тамасыз етіп, сот қызме­тіндегі бюрократияны түбегейлі жою қажет.

Соттар қылмыстық процесті жүргізу барысында тергеу органдарына жалтақтамауы керек. Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз.

 

Серік АҚЫЛБАЕВ,

Ұлттық құрылтай мүшесі