• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қыркүйек, 2022

Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды

142 рет
көрсетілді

Елордада қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мердігер ұйыммен бірлесіп дератизациялау іс-шараларының күзгі турын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдері атап өткендей, 2022 жылғы 5-25 қыркүйек аралығында қаладағы жайылмалар мен өзен арналары, скверлер, су айдындары мен саябақтар сияқты ашық аумақтарға өңдеу жүргізіледі.

«26 қыркүйектен бастап 25 мыңнан астам үйді қамтитын жеке сектор өңделіп, оларға улы заттар таратылады. Улы препараттар Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген препараттарды қамтитынын атап өту керек», деді Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының жетекші маманы Мадьяр Нарымбиев.