• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қыркүйек, 2022

Президент Мәулен Әшімбаевтың баяндамасын тыңдады

197 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке 14-15 қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы баяндалды.

Парламент Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев форумға 50-ден аса елден 100-ден астам делегация келетінін айтты.

Бұрын хабарланғандай, айтулы жиынға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және басқа да діндер көшбасшылары қатысады деп күтілуде.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алда өткелі тұрған дінаралық форум әлемдік БАҚ өкілдерінің қызығушылығын тудырып отыр. Себебі жиынға 200-ден астам шетелдік және 300-ден астам қазақстандық БАҚ қатысу үшін өтінім беріп, аккредитациядан өткен.

Съезд аясында Декларация қабылданатынын айта кету керек. Бұл қорытынды құжат форумға қатысушылардың өркениетаралық және конфессияаралық, сондай-ақ жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне деген ұстанымын білдіреді.  

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта Съезд өткізудің маңызы жоғары екеніне тоқтала кетіп, жаһандық диалог мәдениетін ілгерілету қажеттігін және Қазақстанның осы үдеріске қатысуы маңызды екенін қадап айтты.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев Сенаттың алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.