• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қыркүйек, 2022

Игі іс жалғаса бермек

211 рет
көрсетілді

Қазақтың береке-бірлігі осындайда көрініс табады. Күні кеше Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға Шығыс Қазақстан халқы 35 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Қолұшын беруге ниетті азаматтар көмекті Шығыс Қазақстан облыстық Amanat партиясы филиа­лында орналасқан гуманитарлық пунктке әкелді.

– Партия төрағасының тапсырмасына сәйкес 4 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша өрттен зардап шеккен Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының тұрғындарын қолдау мақсатында партияның бір облыстық және 11 аумақ­тық филиалында арнайы гума­нитарлық көмектерді жинау пункті ашылды. Игі іс-шараға партия белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар атсалысып жатыр, – деді Amanat партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Қазіргі уақытта партияның об­лыстық филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке 14 тонна ұн, 3 тонна минералды су, 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы және 3 тонна өзгеде дәнді-дақылдар жиналды.

Сонымен қатар бірінші қажетті заттар көрпе-жастық, киім-кешек, тұрмыстық техникалар, ги­гие­на­лық заттар қатталды. Жи­нал­ған гу­манитарлық көмекті жүк кө­лік­те­ріне тиеу үшін облыс­та­ғы жо­ғары оқу орындары мен кол­ледждердің студенттері және ерік­тілер тобы қол­ғабыс етті.

Жиналған гуманитарлық көмек­ті тиеген көлік көп бөгелмей Қос­танай облысына жолға шықты. Айта кетерлігі, өңір жұртшылығын қол­дауға арналған игі іс-шара осымен тоқталмай, жалғасын табады.

 

Шығыс Қазақстан облысы