• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қыркүйек, 2022

Балалар ауылындағы жылыжай

1302 рет
көрсетілді

Атырауда отбасы үлгісіндегі «Ша­ңы­рақ» балалар ауылы бар. Қазір мұн­дағы алты отбасында ата-ана қам­қорлығынсыз қалған 53 бала тәр­бие­­ленеді. Олар­дың жасы – 3 бен 18-дің аралығында.

«Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, былтыр мұ­най ком­паниясының демеу­шілігімен Жайық өзенінің жағалауынан сегіз отбасына арналған тұрғын үйлер салынған еді. Мұнда өзін өзі тану және әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. За­манауи конференц-залда балалардың онлайн-режімде оқуына мүмкіндік жасалған. Балалар Атырау қаласындағы үш мектепке қатынап оқиды.

– Балалар бос уақытын текке өткізбейді. Он жыл бұрын қоян өсіруді қол­ға алған едік. Қазір 12 қоян, 6 тауық пен 18 бала­пан асырап отырмыз. Де­меу­ші­лік көмек арқылы 2014 жылы тігін шеберханасында қыздар сахналық қойылымдарға, өзге де іс-шараларға арнал­ған киім­­дерді өздері тігеді. Сұ­­лулық салоны бар. Енді алдағы уақытта ұлдарға арналған ағаш өңдеу шеберханасы ашылады. Қа­зір үш станок сатып ал­дық, – дейді Гүлсара Ботатаева.

Жақында мұнда жылыжай ашылды. Оның құрылысына облыстық іскер әйелдер кеңесі ұйыт­қы болған. Кеңес жетек­шісі Гүлжан Мұхатае­ваның айтуынша, жылыжай құрылысына 2 млн теңге жұмсалған.

– Бұл жылыжай биыл­ғы­ ­Балалар жылына орай қолға алынды. Құ­ры­­­­­лысы маусым айында бас­­­­талды. Жылыжайдың аума­ғы 50 шаршы метрді құрайды. Жылыжай ашу­дағы мақсатымыз – отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбие­ле­ну­ші­лерін еңбекке бау­луға ықпал ету. Сол себеп­тен балалармен бірге кө­кө­ніс­­тердің көшетін егуге кел­дік, – дейді Гүлжан Мұхатаева.

 

Атырау облысы