• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қыркүйек, 2022

Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды

363 рет
көрсетілді

​​Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұхтар Тілеуберді министрліктің және жеке өзінің атынан Ұлыбританияның II Елизавета Патшайымының қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, кітапқа жазба қалдырды», делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында Шотландиядағы Балморал қамалында қайтыс болды.

Осыған байланысты елордадағы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мемлекеттік туын төмен түсірді.