• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Қыркүйек, 2022

Ел болашағы – балалар

721 рет
көрсетілді

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ел көңіліне қонымды әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Соның ішіндегі ең ерекше реформаларының бірі − Ұлттық қордан өскелең ұрпаққа кәмелет жасына толғанға дейін бөлінетін қаржылық үлесі жайында.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді болашақ жастардың қолында екенін, оларға жасаған тәрбиелік және қаржылық инвестицияның бекерге кет­пейтінін ата-бабамыз біліп айтса керек. Олай болса, бүгінгі жаңа реформа − оның жарқын дәлелі іспеттес. Балаларға жағдай жасау, оларға көмек қолын созу, қолдау – үлкендердің міндеті, парызы. Жастайынан қолдау көріп өскен баланың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, болашақта еліне жанашыр, қамқор болатыны сөзсіз. Бұл реформа − Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттардың бірі. Ел Президентінің бұл көрегенді­лігі қолдауға тұрарлық, құптарлық іс. Мұндай істерде Жаңа Қазақстандағы жұрт жағдайын жақсартатын жақсы реформалардың орындалуы мен жүзеге асуы қадағалануға тиіс.

Әділетті Қазақстанды қалыптастыру балаларға жағдай жасау мүмкін­дік­терін заңдық тұрғыдан негіздеу­мен де ерекшеленсе деген ұсынысымыз бар. Ендеше осындай игі істерге ұйытқы болып отырған Президентіміздің жаңа бас­тамаларын қолдай отырып, әрі қарай да жаңа реформалар күтетінімізді айтқымыз келеді.

 

Еңлік ҚАСАБЕКОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының ғылыми қызметкері