• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2022

Жазушының есімі берілді

332 рет
көрсетілді

Көптің көңілінде жүрген түйткіл де тарқады. Талдықорғандағы №9 мектепке жазушы Сайын Мұратбековтың есімі беріліп, оқу­шылардың қуанышын еселеді. Классик жазушының атын арқа­лаған білім ордасы қаланың қақ ортасында орналасқан. Жеті­сулық қаламгерлер жақсы жаңалықтан бір желпініп қалды.

Үкіметтің 6 маусымдағы №370 қаулысына сәйкес жазу­шы есімін еншілеген орта мектептің салтанатты шарасына Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы Гүлнар Қожағұлқызы, жазушының қарындасы Майра Сапарғалиқызы, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Темірболат Жанболатұлы шақырылып, кезекпен сөз алып, оқу­шыларды алғашқы қоңы­рау­мен құттықтады.

Алдымен Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік Гим­ніне тік тұрып құрмет көрсеткен көпшілік мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдар­ламаны тамашалап, жас өнер­паздардың өнеріне ризашылық танытты. Одан соң 1-сынып оқу­шыларына білім кілтін табыс­таған 11-сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Нұрай Нұр­қапарова артынан ерген іні-сіңлілеріне жүрекжарды тілегін арнады. Одан кейін ардагер ұстаз­дар ақ тілегін арнап, жаңа оқу жы­лының басталғанын хабарлады.

Қаламгер есімін иеленген №9 орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне орай келген қонақтар лента қиып, оқу орнының отан­дық білімге өлшеусіз үлес қо­суына тілектестік танытты. Қо­нақ­тарды шашумен қарсы алған әже­лер де шара шырайын кіргізді.

Мектеп директоры Ләйлә Сембаеваның айтуынша, жазушы Сайын Мұратбековтың аты берілген орта мектептің 1-сы­ныбына 238 оқушы барыпты. Одан бөлек, мектепте 1 797 оқу­шы білім алады. Ұс­таз­дық қызметті атқаратын 137 мұ­­ға­лімнің 60 пайызы жаңа тесті­леуден өтіп, білімі жоға­ры екендігін дәлелдеген. Мек­теп түлек­тері биыл Ұлттық бірың­ғай тесті­леудің нәтижесі бойынша 86 пайызды көрсеткен.

 

Жетісу облысы