• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 13 Қыркүйек, 2022

Қоғам қажеттілігін айқындаған құжат

221 рет
көрсетілді

Жаңа Жолдау Мемлекет басшысының реформаларға бағытталған сая­сатының табысты жүзеге асырылып жатқандығын растайды. Әлеумет­танушылар зерттеулерінде қоғамның әділеттілік пен мемлекеттік саясаттың ашық болу керектігін сөз етеді. Осы екі мәселе Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саясатынан көрініс тапқанын атап өту керек.

Негізгі басым бағыттардың бірі – балалар болашағының жарқын болуы. Жыл басында жарияланған Балалар жылы өте маңызды, дұрыс шешіммен аяқта­лып отыр. Мемлекет басшысы 2024 жыл­дан бастап Ұлттық қордың жыл­дық ин­вес­тициялық кірісінің 50 пайы­зын ба­лалар шотына 18 жасқа дейін ал­дын ала алу құқығынсыз аударып оты­ру­ды ұсынды. Іс жүзінде бұл іс-шара қазақ­­стандықтардың «экономикалық төл­құжатын» қалыптастыру болып сана­лады. Мұндай тәжірибе әлемнің бірқа­тар елінде бар және ол болашақта бала­ларға еліміз­дің материалдық ресурс­тарын пай­даланғаны үшін төлем алуға мүм­кін­дік береді. Бұл – қоғамдағы сұранысқа ие қадамдардың бірі.

Ұлттық қордың болашақ ұрпаққа ар­нал­ған қор екені бірнеше рет айтылды. Болашақ ұрпақ бұл шешімді тек абстрактілі категория деп түсінбей, шын мәнінде, 18 жасқа толған кезде белгілі бір бастапқы капиталға ие болатынына сенімді болуы керек. Қаржыны қайда жұмсайтынын әр жас өзі анықтайды. Білім алуға жұмсай ма, жылжымайтын мүлік ала ма немесе автокөліктерге инвес­тиция құя ма – оны өзі шешеді.

Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы абсолютті прагматизммен, шешімдерге салмақты көзқараспен және популизмнен бойын аулақ салуы­мен ерекшеленеді. Бұл – қазіргі қиын кезеңде ең дұрыс стратегия.

 

Жұлдызай ЫСҚАҚОВА,

саясаттанушы