• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2022

Үздіктер үкіленді

163 рет
көрсетілді

Қала күніне орай жарияланған байқауда жеңімпаз деп танылған журналистер марапатталды.

Алматы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы және Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен жарияланған байқау қоржынына 70-тен астам материал келіп түскен. Қа­­зылар алқасы үздік жұмыстарын қарап, журналистер мен блогерлер ара­сынан 10 жеңімпазды таңдады.

Дәстүрлі іс-шараға айналған шы­ғар­­машылық байқауға қала өміріне қа­тысты материалдар журналистер, фо­тотілшілер, бейнеоператорлар, бло­гер­лерден келіп түскен. Үміткерлер ара­­сында интернет-ресурстағы «Ал­маты өмірі туралы үздік лонгрид» аталымы үлкен қызығушылық тудыр­ды. Та­қы­рыпқа орай, әсіресе фото­граф­­тар­дан көптеген жұмыс келіп түс­­кен.

Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов журналистер жұ­мысының маңыздылығын атап өтіп, қаланың даму барысына қатысты материалдар дайындап, жариялауға ерекше көңіл бөлген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғысын білдір­ді. Ренат Бекбергеновтің айтуын­ша, байқау қоржынына түскен бар­­лық жұмыс назар аударар­лық­тай. Ол же­ңімпаздарды келе жатқан Қала кү­німен құттықтап, қо­ғамда­ғы жауап­кер­­­шілігі жоғары істі атқа­рып жүрген қа­лам иелеріне шығар­машылық сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысынан мәлім болғанындай республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Арман Октябрьдің мақаласы «Алматы өмірі туралы үздік авторлық жарияланым» деп танылды.

Жеңімпаздарға ұйымдастыру­шы­лар тағайындаған арнайы сыйлық­тар табыс етілді.

 

АЛМАТЫ