Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде әлемдегі энергетикалық дағдарыс көміртегі бейтараптылығының жетістіктерін төмендеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз әлемнің ең дамымаған аймақтарында азық-түліктің жетіспеуіне тап болдық. Сонымен қатар, әлемде геосаяси текетірес күшейіп, елдер арасындағы қақтығыстар шиеленісіп келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздіктің алдыңғы жүйелері біздің көз алдымызда күйреп бара жатқанын атап өтті.
«Бүгінде экстремизм мен терроризм - әлемдегі күрделі проблема болып қала береді. Энергетикалық дағдарыс көміртегі бейтараптылығының жетістіктерін төмендетеді. Біз бұл сын-қатерлерді елемей отыра алмаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.