• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Жаңа әлемдік жүйенің іргетасын қалау керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

262 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіап жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде жаңа рухты жаңғырту үшін өмірдің барлық саласын реформалау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Бүгінде біз бетпе-бет келіп отырған сын-тегеуріндер жаһандық процестердегі дін көшбасшыларының рөлін ой елегінен қайта өткізіп, түсінуімізді талап етеді. Осыған орай бірнеше тақырыпты айқындағым келеді. Біріншіден, барлық дәстүрлі діндер адам өміріне құрметпен қарау, өзара құрмет, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру сынды базалық ұстанымдардың белгілі бір жиынтығын біріктіреді», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл ұстанымдар жаңа әлемдік жүйенің іргетасын қалайды деген ойын жеткізді.

«Бізге мәдениетте, экономикада және қоғамда теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік әдістерді іргелі жаңғырту әрі үйлестіру қажет. Осынау жаңа рухты жаңғырту және өркениетті түсіну үшін бізге өмірдің барлық саласын реформалау қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.