• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2022

Президент: Қазақстан - толеранттылық рухын бойына сіңірген мемлекет

414 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінде Қазақстан саясатының маңызды бөлігін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан - түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрін, ашықтық пен толеранттылық рухын бойына сіңірген мемлекет. Бүгінгі таңда елімізде 100-ден астам этнос өкілдері татулық пен үйлесімде өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін қызмет етеді. Сондықтан, елімізде және тұтас әлемде диалогты нығайту – Қазақстан саясатының маңызды құрылымы. Бүгінгі жиын да соның айқын дәлелі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.