• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2022

Рухани көшбасшылар елорда төрінде бас қосты

766 рет
көрсетілді

Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды, деп хабарлайды  Egemen.kz .

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйлеп, дін көшбасшыларына ілтипат білдірді.

Съездің басты тақырыбы - «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

Дін көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға алғаш рет келген Рим Папасы Франциск Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін қабыл ап, қазақстанды қтарға үндеу жариялады.

Рим Папасының Съезге ресми сапары барысында Рим-Католик шіркеуінің латын салтындағы негізгі литургиялық қызмет - ауқымды діни месса өтеді. Мессаға түрлі дін мен конфессия өкілдері қатысады деп күтілюде.

Съездің бірінші күнінде Діни көшбасшылар қазіргі уақытта барша әлемде орын алып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік проблемылық мәселелерді ортаға салып, талқылады.