• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2022

Қырғызстан Тәжікстанға наразылық нотасын жолдады

284 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі ортақ келісімді бұза отырып, қарулы күштер мен ауыр техниканы пайдаланған тәжік тарапына шекаралық және азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін наразылық нотасын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыздар атысты тоқтатуды және әскерді кейін шегіндіруді талап етіп, шекарадағы барлық мәселелерді тек саяси және дипломатиялық жолмен шешу керектігін атап өткен.

Еске салсақ, бүгін таңертең тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті. Олар Баткен облыстық ауруханасына жатқызылған.